02 тамыз 2024 | 08:31

2024 жылғы Олимпиада ойындары: 2 тамызға арналған кесте

Фото ©️ Владислав Семенов

Tengri Sport жұма, 2 тамызда Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы спортшыларының жарысқа шығу бағдарламасын дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Tengri Sport жұма, 2 тамызда Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы спортшыларының жарысқа шығу бағдарламасын дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

12:30 Оқ ату, скит, ерлер арасында біліктілік. Эдуард Ещенко қатысады.

12:54 Ескек есу, жекелей, ерлер арасында финалдық жарыс. Владислав Яковлев қатысады.

Реклама
Реклама

13:00 Дзюдо, әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақта 1/16 финал. Камира Берликаш пен Adiyasuren Amarsaikhan (Моңғолия) күш сынасады.

13:15 Жеңіл атлетика, биіктікке секіру, әйелдер арасындағы біліктілік. Надежда Дубовицкая мен Елизавета Матвеева өнер көрсетеді.

14:00 Жүзу, 100 метрге баттерфляй әдісі, ерлер біліктілігі. Әділбек Мусин қатысады.

16:30 Семсерлесу, топтық шпага, 1/4 финал. Қазақстан құрамасы Венгрия құрамасымен бақ сынасады.

20:22 Бокс, ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финал. Нұрбек Оралбай мен Murad Allahverdiyev (Әзербайжан) жұдырықтасады.

21:00 Батутта секіру, ерлер арасында біліктілік. Данил Мұсабаев қатысады.

23:00 Бокс, алдын ала кезең, әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта 1/8 финал. Карина Ибрагимова мен Ashleyann Lozada Motta (Пуэрто-Рико) жұдырықтасады.

00:20 (3 тамыз) Бокс, ерлер арасында 51 келіге дейінгі салмақта ширек финал. Сәкен Бибосинов пен Hasanboy Dusmatov (Өзбекстан) күш сынасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная