12 тамыз 2024 | 09:33

2024 жылғы Париж Олимпиадасы: АҚШ медальдық есепте бірінші болды

©️ depositphotos.com/Денис Куваев

АҚШ құрамасы 2024 жылғы Парижде өткен Олимпиада ойындарында жүлделер саны бойынша медальдық есепте жеңіп шықты, Қытай екінші орында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ құрамасы 2024 жылғы Парижде өткен Олимпиада ойындарында жүлделер саны бойынша медальдық есепте жеңіп шықты, Қытай екінші орында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші орынның тағдыры әйелдер арасындағы баскетбол турнирі финалында шешілді, онда америкалық команда Францияны бір ұпай айырмашылығымен жеңді – 67:66.

Нәтижесінде АҚШ құрамасы 127 медаль (40 алтын, 44 күміс, 43 қола) жеңіп алды. Қытай спортшылары 91 медаль (40 алтын, 27 күміс, 24 қола) жеңіп алды. Жапония 45 медальмен (20 алтын, 12 күміс, 13 қола) үшінші орын алды.

Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс және үш қола жүлдеге қолжеткізіп, медальдық есепте 43-орынға тұрақтады. Дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тақты. Гимнаст Нариман Құрбанов, грек-рим күресінен Демеу Жадраев пен боксшы Нұрбек Оралбай күміс медаль алды. Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев, боксшы Назым Қызайбай, сондай-ақ аралас командалық бәсекеде өнер көрсеткен мергендер Ислам Сәтбаев пен Александра Ле қола медальмен марапатталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Бүгін - Абай күні