26 жастағы жігіт 10-шы қабаттан секіріп, жұртты шошытты

видеодан үзінді

?араусыз ?ал?ан 10 ?абатты ?йді? шатырынан секірген жігітті? видеосы жант?ршігерлік ?сер ?алдырды. ?ара?андылы? 26 жаста?ы Иван Хохлов видеоны? басты ?а?арманы. Жігітті? айтуынша, б?л оны? бірінші рет секіруі емес екен. Осындай ?рекеттер жас жігітке шабыт беріп, адреналин алуына т?рткі болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қараусыз қалған 10 қабатты үйдің шатырынан секірген жігіттің видеосы жантүршігерлік әсер қалдырды. Қарағандылық 26 жастағы Иван Хохлов видеоның басты қаһарманы. Жігіттің айтуынша, бұл оның бірінші рет секіруі емес екен. Осындай әрекеттер жас жігітке шабыт беріп, адреналин алуына түрткі болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Иван Хохлов Қарағандының тумасы. Ол жастайынан спортпен шұғылданып келеді, ал бірнеше жылдан бері breakdance - көше биіне әуестігі артқан. Ер адам сонымен қатар, акробатика, өрт сөндіру спорты және әскери самбомен айналысады. Соның өзінде ол биіктіктен секіруді арнайы еш жерден дайындалып, үйренбеген. Ол талай рет парашютпен секірген, ал төрт рет көпқабатты үйден және биіктіктен секірген. 

Реклама
Реклама

Көпқабатты үйдің шатырынан секірген видеоның түсірілгеніне, Иванның айтуынша, біраз болған. Алайда оның есімі видеоны Instagram желісіне жүктегеннен кейін танымал бола бастаған.

"Бұл жағдайда мен Саран қаласында секірдім, онда РТИ ауылы бар. Ауылдың көп бөлігі бос қалған, онда бос қалған көпқабатты үйлер көп. Мен 10 қабатты үйдің шатырынан секірдім. Еш жерде бұлай секіруді үйретпейді, мен өзім үйрендім. Адреналин алғым келді. Негізінде барлығы ойлағандай секіру қатты қауіпті емес. Мен ешқайда соғысқан жоқпын, менің қауіпсіздік белбеулерім болды. Секіру кезінде мен сальто жасадым, өзімнің актробатикалық әдістерімді еске түсірдім. "Өз қорқынышыңмен күрес" деген қағиданы ұстанамын. Әрине, жақсы мағынасында", - дейді Иван Хохлов.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама