25 желтоқсан 2019 | 18:08

27-нен 29-на дейін Altel Cyber Games: PUBG Mobile ғаламат финалы болады

27-нен 29-на дейін Altel Cyber Games: PUBG Mobile ғаламат финалы болады. Теория және тәжірибе - келесі турнирдің қатысушысы болу үшін нені білу керек? Жалпы киберспорт пен оның мобильді" бағытының дамуындағы жаһандық трендтерге орай жедел әрекет ете отырып, Altel 2019 жылғы желтоқсан айында Altel Cyber Games: PUBG MOBILE турнирін өткізеді. Бұл оқиғаға қызығушылық аса жоғары деңгейде осы бағыт әуесқойларынан 250 өтінім келіп түсті, мыңдаған жанкүйерлер эфир трансляциясын экраннан күтуде және қызу талқылай отырып пікірлер жазуда.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

27-нен 29-на дейін Altel Cyber Games: PUBG Mobile ғаламат финалы болады. Теория және тәжірибе - келесі турнирдің қатысушысы болу үшін нені білу керек? Жалпы киберспорт пен оның мобильді" бағытының дамуындағы жаһандық трендтерге орай жедел әрекет ете отырып, Altel 2019 жылғы желтоқсан айында Altel Cyber Games: PUBG MOBILE турнирін өткізеді. Бұл оқиғаға қызығушылық аса жоғары деңгейде осы бағыт әуесқойларынан 250 өтінім келіп түсті, мыңдаған жанкүйерлер эфир трансляциясын экраннан күтуде және қызу талқылай отырып пікірлер жазуда.

Киберспорттың маңызды болып табылатыны сөзсіз - әртүрлі ойындар бойынша турнирлерге миллиондаған көрермендер жиналады. Киберспорттың дамуы мен оның бағыттарының кеңеюі - келешегі мол құбылыс болып табылатын мобильді киберспорттың пайда болуына әкелді. Егер бұрын мобильді ойындар бойынша киберспорттық турнирлер идеясы адамның күлкісін келтірген болса, қазір технологиялардың дамуы арқасында оларға деген көзқарас күрт өзгерді.

Реклама
Реклама

Әлемдік деңгейлер де таң қалдырады - 2017 жылы Американың SuperData агенттігі киберспорт индустриясын 1,5 миллиард долларға бағалай отырып, көрермендер аудиториясының өсуі салдарынан оның жыл сайын ұлғаятынын болжаған болатын, 2018 жылдың өзінде оның аудиториясы 395 миллион адам және оның ұлғаюы әрі қарай жалғасуда. Кейбір елдерде, мысалы, көршілес Қытайда киберспорт толыққанды кәсіпке айналған. Киберспорттың дәстүрлі оффлайн ойын сайыстарымен ұқсастығы көп: клубтар бір-бірінен ойыншыларды жалға алады немесе қайта сатып алады, чемпионаттарда жанкүйерлердің мыңдаған аудиториясы жиналады. Бірақ, мысалы, хоккейшілерден немесе футболшылардан айырмашылығы - кәсіби киберспортшы болу оңайырақ және ойын жаттығуларын тіпті ересек адамдар да бастай алады. Кәсіпқой болу үшін күніне бір-екі сағат қана ойнаған жеткіліксіз. Киберспортшылардың жаттығулары - күнделікті көп сағат бойы толыққанды жұмыс істеуді білдіреді. Өйткені турнирдің нәтижесі және жеңіс, сондай-ақ жеңімпаздың қаламақысы ойнау машықтарына, тактикалық тәсілдерді иемдену деңгейіне және командада жұмыс істеу қабілетіне байланысты болады.

Жаттығулар теориялық бөлікті, команданың стратегиялары мен тактикаларының сценариін әзірлеуді, қарсыластардың ойнау тәсілдерін зерттеуді және ойындағы әрекеттердің автоматтылық машықтарын пысықтауды қамтиды. Мұнда әр ойыншының дарыны және бүкіл команданың ойнау машығы маңызды

Қазақстандық мобильді киберспортшылар қазірдің өзінде ТМД-да жоғары нәтижелер көрсетуде. Мысалы, алдыңғы Tencent - PMCO Fall Split Global Finals турнирінде қазақстандық Goskilla ұжымы 5-орынды иемдене отырып, финалға бір аяқ жақындады. Келешекте ойын серверлерінің Қазақстанда орналастырылуы, турнирлердің қазақстандық Pinger.kz платформасында өткізілуі - біздің елімізде ғана емес, сонымен қатар Орталық Азияда да осы бағытты дамытуға мүмкіндік береді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная