ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қазан 2020 | 09:53
"30-0 болмайды!". Хабиб Нурмагомедов карьерасын аятағаны туралы хабарлады
Жеңіл салмақта UFC ұйымының чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов Абу-Даби қаласында 254 турнирінде америкалық Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін карьерасын аяқтағаны туралы хабарлады, - деп жазады Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жеңіл салмақта UFC ұйымының чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов Абу-Даби қаласында 254 турнирінде америкалық Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін карьерасын аяқтағаны туралы хабарлады, - деп жазады Vesti.kz.
"Бұл менің соңғы жекпе-жегім. Мұның бәрі әкемнің арманы еді. Барлық орыс тілділерге көп рақмет айтамын. 2008 жылы бастап, 2012 жылы UFC-де бірінші рет кездесуге шыққанымда, көп адам маған сенген жоқ, бұл мүмкін емес деп ойлады...
Мен бұған лайықтымын деп ойлаймын. 29-0. Бір рет жеңілген жоқпын. Ұйымның басшыларына рақмет айтқым келеді. Барлықтарыңызға рақмет. Анама енді төбелеспеймін деп уәде бердім", - деді Хабиб жекпе-жектен кейін.
Айта кетейік, бұл кездесуде ресейлік спортшы белбеуін үшінші рет қорғады. Ол бұған дейін ирландиялық Конор МакГрегор және америкалық Дастин Порьеге қарсы айқаста белбеуін сәтті қорғаған болатын. Ал жалпы белбеуді ресейлік спортшы 2018 жылы америкалық Эл Яквинтаға қарсы кездесуде жеңіп алған.
Осылайша Нурмагомедов 29-шы кездесуінде қатарынан жеңіске жетіп отыр. Ол әлі жеңілістің кермек дәмін татпаған. Бұл Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагомедовтің өмірден өткенінен кейінгі бірінші кездесуі болатын. Гэтжи болса карьерасында үшінші рет жеңілді.
Айта кетейік, бұл жекпе-жек кеште отандасымыз Шавкат Рахмонов та өнер көрсетті. Ол бразилиялық Алекс Оливейрамен кездесіп, бірінші раундта жеңіске жетті.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также