ПОДЕЛИТЬСЯ
11 маусым 2020 | 13:23
4 миллионнан аса. Еңбекақы төленбеді деп шағымданған ауыратлеттердің қанша алатыны айтылды
Жарты жыл айлық алмадым деп шағымданған ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов кейінгі бес айда төрт миллион теңгеден аса еңбекақы алған. Бұл туралы Дене шынықтыру және спорт комитетінің Vesti.kz редакциясының сауалына берген жауабында айтылған.

Еске салайық, айлық алмай отырғандарына Қазақстан құрамасы түгелдей шағым жасаған болатын. Рахимовтан басұа бұл жайында 2016 жылғы Олимпиада жүлдегерлері Карина Горичева пен Денис Уланов, 2019 жылғы ӘЧ жүлдегері Игорь Сон, түрлі турнирде жүлдегер болған Ибрагим Берсанов, Айдар Қазов пен Рүстем Сыбай да айтқан болатын.
Осы ретте Дене шынықтыру және спорт комитетінің өкілдері спортшылардың жалақысын тізіп берді:
"Нижат Рахимов - 4 250 000 теңге (айына орташа 850 мың теңге);
Денис Уланов - 2 250 000 теңге (айына орташа 450 мың);
Игорь Сон - 1 250 000 теңге (айына орташа 250 мың);
Карина Горичева - 1 000 000 теңге (айына орташа 200 мың);
Ибрагим Берсанов - 823 868 теңге (айына орташа 164 773 мың);
Айдар Казов - 795 701 теңге (айына орташа 159 140 мың);
Рустем Сыбай - 778 801 теңге (айына орташа 155 760 мың)", - делінген хабарламада.
Ауыр атлетика Олимпиада бағдарламасынан шығып қалуы мүмкін
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также