ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қазан 2024 | 14:36
80 миллион теңге: Антикор ШҚО спорт басқармасы қызметкерлерін әшкереледі
ШҚО-да сыбайлас жемқорлықпен күресушілер 80 миллион теңгені жымқырды деген өңірлік спорт басқармасының қызметкері мен ведомстволық бағынысты ұйымның басшылығын әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шығыс Қазақстан облысында 80 миллион теңгені жымқырды деген өңірлік спорт басқармасының қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйымның басшылығы әшкереленді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бигайдаров брифингте.
Оның айтуынша, бұл қаражат оқу-жаттығу жиындарын тиімді өткізуге бөлінген. Бұл факт бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Сонымен қатар, Алматыда спорт басқармасының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Байғонова А., "Интролигатор" қалалық олимпиадалық резерв даярлау орталығының есепшілері Г.Дюсенова сотталды.
Іс жүзінде жұмыс істемейтін тұлғаларға жалақы мен басқа да төлемдерді заңсыз аудару арқылы 171 миллионнан астам ақша ұрланғаны белгілі болды. Бұл үшін олар 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также