27 наурыз 2019 | 09:19

9 жастағы атыраулық қыз халықаралық турнирде қола жүлде алды

22 - 24 наурызда Польшаның Марки қаласында 2010 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасында дзюдодан Same judo Cup 4 халықаралық турнирі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

22 - 24 наурызда Польшаның Марки қаласында 2010 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасында дзюдодан Same judo Cup 4 халықаралық турнирі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Жарысқа әлемнің 20-дан аса елінен 1250 дзюдошы қатысқан. Бұл турнирде Қазақстанның намысын Атырау обылысы Исатай аудандық "БАРЫС" балалар жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірті Жұмажан Інжу қорғады. Ол 28 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен. 

Реклама
Реклама

Інжу өзінің алғашқы кездесуінде германиялық қарсыласынан ұтылып қалды. Әйтсе де, кейінгі белдесулерде Франция, Польша, Румыниядан келген дзюдошыларды ұтып, қола медаль үшін күрескен. Шешуші айқаста ол польшалық спортшыны жеңіп, турнирдің қола медалін иеленді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная