Cамбошы Арман Оспанов әлем чемпионатының екі дүркін чемпионы болды

23 Қараша 2014, 20:06
0
Cамбошы Арман Оспанов әлем чемпионатының екі дүркін чемпионы болды - Арман Оспанов. ©Ed G
Арман Оспанов. ©Ed G

Қазақстандық Арман Оспанов әскери самбодан 68 келіге дейінгі категорияда екінші рет әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жапонияда өтіп жатқан біріншіліктің финалында Арман Оспанов Түркменстанның атынан шыққан Ниязмұрат Шахмұрадовты сенімді түрде жеңді. Кездесу 6:0 есебімен аяқталды. Айта кетейік, әскери самбодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында жалпы командалық медаль есебінен Ресей мен Болгариядан қалыс қалып, үшінші орын алды. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Арман Оспанов осымен әлем біріншілігінің екі мәрте чемпионы болып отыр. 2013 жылғы әлем чемпионатында ол ресейлік самбошы Руслан Гасанхановты тізе бүктірген еді. Бірақ қазылар алқасының шешіміне қарсы болған Ресей спортшысы күрестен бас тартты. Ол қазақстандықтан 3:7 есебімен қалыс қалып келе жатты да төрешілердің тағы бір шешімінен соң күресті жалғастырмайтынын мәлімдеген болатын. 

Арман Оспанов көпшілікке ММА төбелестерінде көрсеткен өнерімен танымал бола түсті. Ол - Alash Pride қазақстандық клубының мүшесі. Спортшының айтуынша, ережесіз жекпе-жекке қатысу әскери самбодағы көрсеткішін көтеруге септігін тигізіп жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай