ПОДЕЛИТЬСЯ
05 наурыз 2022 | 12:19
Агапова UFC-дегі жекпе-жегі алдында бітіспес қарсыласымен көз арбасты
Қазақстандық Мария Агапова мен украиналық Марина Мороз Лас-Вегаста өтетін UFC 272 кешіндегі жекпе-жек алдында көз арбасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық Мария Агапова мен украиналық Марина Мороз Лас-Вегаста өтетін UFC 272 кешіндегі жекпе-жек алдында көз арбасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Аса жеңіл салмақтағы спортшылар көз арбасу кезінде бір-біріне өткір сөздер айтты. Мороз енді олар құрбы бола алмайтынын мәлімдеді, ал "дуэль" аяқталғанда екеуі қол алысты. Әркім өз елінің ұлттық жалауымен шықты.
Жекпе-жек ертең, 6 наурызда өтеді, Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 7 шамасында басталады. UFC 272 тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетейік, қазақстандық және украиналық файтерлер кездесуге дейін жанжалдасып қалған болатын: бұған дейін Мороз Агапованы есірткі қолданды, пышақпен шабуыл жасады деп айыптаған еді.
UFC басшысы Дана Уайттың айтуынша, бұл кездесуде бір-бірімен жақсы таныс қарсыластар текетіресі болады.
2021 жылы қазанда Агапова ең танымал промоушендегі екінші жеңісіне қол жеткізген, ол сол кезде Сабина Мазоны (9-3) үш раунд қорытындысы бойынша жеңген болатын. Кейін қазақстандық файтер Морозды жекпе-жекке шақырған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также