АҚШ Токио Олимпиадасында 19-алтын медалін жеңіп алды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: РИА Новости/Григорий Сысоев©

АҚШ құрамасының жүзушілері 2020 жылғы Олимпиаданың 4х100 аралас эстафетасын рекорд көрсеткішпен жеңіп, жалпы есепте екінші орынға тұрақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Нәтиже 3:26.78 болды. Ұлыбритания құрамасы еуропалық рекордпен екінші (3:27.51), Италия үшінші (3:29.17) болды. Жапон жүзушілері алтыншы орынға тұрақтады, бірақ Азия бойынша нәтижені жаңартты (3:29.91).

Жүзушілер АҚШ-тың қоржынына осымен 19-алтынды салды, ал бірінші орында 22 алтын медальмен Қытай спортшылары тұр. Үшінші - жапондар (17). Қазақстан үш қола медальмен 66-орында.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бүгін, 1 тамызда екі қазақстандық боксшы Токиодағы турнирдің жартылай финалына шығуға тырысады. Олардың жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама