18 шілде 2022 | 09:29

Ақтауда Хабибті көруге жиналған жұрттың видеосы тарады

Сұлу Бөлек Корреспондент
Видео кадры

Naiza 41 х Eagle 48 ММА бойынша халықаралық турнир аяқталғаннан кейін Ақтау жағалауында жанкүйерлер UFC экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедовқа қарай жүгірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Naiza 41 х Eagle 48 ММА бойынша халықаралық турнир аяқталғаннан кейін Ақтау жағалауында жанкүйерлер UFC экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедовқа қарай жүгірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, жастар суретке түскісі келген. Жанкүйерлер Хабибті қоршап алған, алайда спортшының қасында жүрген күзетшілер мен полицейлер оған жақындатпай, спортшыны көлікке алып кеткен.

Турнир барысында жанкүйерлермен арада қақтығыстар болған. Билеті болмаған жас жігіттер амфитеатрдың сахнасына кіру үшін қоршауға шығып алған. Кейін полицейлерге көмекке арнайы жедел әрекет ету бөлімі қызметкерлері келген.

Реклама
Реклама

Жекпе-жек кешке дейін жалғасқан, жиналғандар түнгі сағат екіге қарай тарай бастаған. Жағалауда түрлі сусындардың ыдыстары, басқа да қоқыстар тау болып үйіліп қалған. Ақтау тұрғындары әлеуметтік желілерде қатты музыкаға шағымданған.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная