Ақтөбеде полиция майоры әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионы атанды

© diapazon.kz

Ақтөбедегі заң институтының қызметкері, полиция майоры Динара Дүйсенбаева Түркияда өткен әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионатында алтын медаль иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап. 

Динара Дүйсенбаева 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, украиналық қарсыласын жеңді.

Ақтөбе әуежайында чемпион қызды туыстары, достары, курсанттары мен әріптестері және спортсүйер қауым гүл шоқтарымен және сыйлықтармен қарсы алды.

Реклама
Реклама

"Мені қолдауға келгендеріңіз үшін көп рақмет. Кешкі рейс болса да көп адам жиналыпты. Өте тебіреніп тұрмын, бұл біздің ортақ жеңісіміз. Өзіне деген сенімді талап еткен жарыстағы жеңісімді еліме, Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймын. Чемпионат кезінде маған қолдау көрсеткен жандарға рақмет", - деді спортшы.

Динара әмбебап ұрыстан және пышақ лақтырудан Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдо мен самбодан Қазақстанның спорт шебері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама