"Алаш Прайд" спортшысы Rebel FС тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулына таласады

@Prosport.kz

Қазақстандық "Алаш Прайд" клубының спортшысы аралас жекпе-жектен Rebel тұжырымы бойынша өтетін The Promised Ones турнирінде чемпиондық титул үшін төбелеседі, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Алаш Прайд" көшбасшыларының бірі турнирдің басты файт-кардесінде шығады, оның қарсыласы қытайлық Лю Вэньбо болмақ. 31 жастағы Лю MMA тұжырымы бойынша 13 кездесу өткізіп, оның сегізінде жеңіп, бесеуінде жеңілген. Людің бойының ұзындығы - 185 сантиметр, салмағы - 85 келі.

"Алаш Прайд" спортшысы Әділ Боранбаев MMA тұжырымы бойынша 6 рет  кездесу өткізген. Оның төртеуінде жеңіп, екеуінде жеңілген. Қазақстандық спортшы соңғы кездесуін 22 наурызда Қапшағайдағы RPAP vol.4 турнирінде өткізді. Турнирдің басты жекпе-жегінде ол ресейлік Григорий Кичигиннен екінші раундта жеңілген болатын.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, сәуірдің басында Краснодарда өткен TECH-KREP FC Ermak Prime Challenge турнирінде "Алаш Прайд" клубының мүшесі Асылан Тоқтарбаев ресейлік Вартан Асатрянмен болған кездесуде жеңіске жеткен болатын. Аралас стильдегі қазақстандық спортшы өзінің қарсыласын судьялардың бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңген болатын. Жекпе-жек үш раундтан тұрды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама