ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 сәуір 2019 16:00
"Алдымен бірдеңені жеңіп ал, реванш туралы сосын сөйлесеміз" - Нурмагомедов МакГрегорға
Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегордың командасы реванш туралы келіссөздер бастауына болады деген сыңай танытты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұның алдында МакГрегор Twitter желісінде жазба қалдырып, Нурмагомедовтың күресу шеберлігіне күмәнданған. "Біз оның күресу шеберлігін асыра бағалаппыз. Қарымта бәрін көрсетеді", - деп жазды ирландиялық.
Нурмагомедов осыған жауап ретінде МакГрегор 2016 жылдан бері ешкімді жеңбігенін жазды. "Алдымен бірдеңені жеңіп ал, реванш туралы сосын сөйлесеміз", - деді ресейлік спортшы.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу