ПОДЕЛИТЬСЯ
- Главная
- 14 ақпан 2014, 17:36
Алексей Полторанин – тоғызыншы орынды иемденді
Сочида өтіп жатқан Олимпиада ойындары барысында ерлер арасындағы 15 шақырымдық қашықтыққа шаңғымен классикалық әдіспен жарысудан Алексей Полторанин тоғызыншы орынды иемденді деп хабарлайды Tengrinews.kzПолторанин бұл қашықтықты 39 минут 43,2 секунд уақытта еңсерді. Ал басқа спортшылармыздан бұл жарыс жолына Николай Чеботько, Евгений Величко және Ердос Ахмадиев шыққан еді. Чеботько 41 минут 14,1 секунд уақыт көрсеткішімен 33-орынға тұрақтаса, Величко 34-ші болып мәре сызығын кесті.Ал, ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында туымызды алып шыққан Ердос Ахмадиев жарыс жолын 54-ші болып аяқтады. Айта кетейік, бұл жарыста бірінші орынды 38 минут 29,7 секунд уақыт көрсеткішімен швейцариялық шаңғышы Дарио Колонья алды. Екінші және үшінші орынды швециялық шаңғышылар Юхан Ульсон мен Даниель Ричардсон иемденді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии