ПОДЕЛИТЬСЯ
22 наурыз 2022 | 09:31
Әлем чемпионатын өткізетін ел қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыға виза беруден бас тартты
Қазақстандық Михаил Шайдоров 21-27 наурыз аралығында Монпелье қаласында (Франция) өтетін мәнерлеп сырғанаудан 2022 жылғы әлем чемпионатына қатыспайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Шайдоров ерлер арасында өтетін жеке сырғанауға қатысушылар тізімінде болған, алайда Франция елшілігі қазақстандыққа виза беруден бас тартқан. Бұл туралы спортшы Instagram парақшасында жазды. Алайда ол Франция елшілігінің визадан бас тарту себебін көрсетпеген.
Сонымен қатар, Қазақстан атынан әлем чемпионатына Гаухар Наурузова мен Бойсангур Датиев би жарысы бойынша қатысатыны айтылған еді.
Мәнерлеп сырғанаудан 2022 жылғы әлем чемпионаты алғаш рет Францияның Монпелье қаласында өтеді. Жарыс 21-27 наурыз аралығында "Зюд де Франс" аренасында болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также