26 шілде 2023 | 09:33

Әлем шахматшылары Оралда бас қосты

Орал қаласындағы "Атамекен" өнер орталығында ҚР кубогінің төртінші кезеңі – ORAL OPEN халықаралық турнирі өтуде.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орал қаласындағы "Атамекен" өнер орталығында ҚР кубогінің төртінші кезеңі – ORAL OPEN халықаралық турнирі өтуде.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, турниге АҚШ, Армения, Үндістан, Беларусь, Украина, Ресей, Өзбекстан, Швеция, Түркия, Дания, Черногория және Қазақстаннан 180-ге жуық шахматшы қатысуда.

Реклама
Реклама

Олардың қатарында 17 халықаралық гроссмейстер бар. Халықаралық доданыың ащылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев, ҚР шахмат федерациясының вице-президенті Александр Бабенко мұндай додалардың аталмыш зияткерлік спорт түрін кеңінен дамытуда маңызы зор екендігін атап өтіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Іс-шарада айтылғанындай, Батыс Қазақстан облысында да өзіндік шахмат мектебі қалыптасқан. Өңірден халықаралық гроссмейстер Мұртас Қажығалиев, сондай-ақ Валерий Мин, Әлібек Игамбергенов, Роман Козлов, Жанат Сайын, Азамат Өтеғалиев, Айсезім Мұхит, Әлихан Ерғалиев, Лаура Әбділдаева секілді елге танылған шахмат шеберлері шықты.

Айта кетейік, халықаралық жарыс 28 шілдеде мәресіне жетіп, жеңімпаз-жүлдегерлер анықталады.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен ұсынған

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная