12 қыркүйек 2017 | 09:53

Әлемнің үш дүркін чемпионы мен төрт спортшы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты

© diariopanorama.com

Бодибилдингтен әлемнің үш дүркін чемпионы Алехандра Рубио мен төрт спортшы Аргентинаның солтүстігінде болған жантүршігерлік жол апатында тірідей өртеніп кетті, - деп хабарлайды DiarioPanorama.com.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бодибилдингтен әлемнің үш дүркін чемпионы Алехандра Рубио мен төрт спортшы Аргентинаның солтүстігінде болған жантүршігерлік жол апатында тірідей өртеніп кетті, - деп хабарлайды DiarioPanorama.com.

Чемпион мен оның достары және әріптестері Элиас Торрес, Гуадалупе Давид, Эмануэль Вильяльба және Даниэль Монтиверо Сантьяго-дель-Эстеро қаласына турнирге жеңіл көлікпен бара жатқан. Көлік тізгінінде Алехандра болған. Жолда Chevrolet жүк көлігімен соғысқан. Жол апаты салдарынан екі көлік те өртенген. Спортшылардың барлығы қаза тапты. Жүк көлігінің жүргізушісі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. 

Реклама
Реклама

Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр. Спортшылардың мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Алехандра Рубио 2013 жылдан бастап Аргентинаның фитнес және бодибилдинг ассоциациасының президенті қызметін атқарып келді. Ол өз елінде танымал тұлға болған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная