ПОДЕЛИТЬСЯ
10 ақпан 2021 | 08:30
Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы атанды
Қазақстандық гимнаст Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық гимнаст Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Сайлау федерацияның есеп беру-сайлау конференциясы кезінде өтті.
"Бұл мен үшін және көптеген адам үшін күтпеген жағдай болды деп ойлаймын. Мен үшін бұл тағайындау - жаңа міндет, жұмыстағы жаңа кезең, ол қазір істеп жатқанымнан да қызық болады. Ақтоты Рахметоллақызы бастаған Мәдениет және спорт министрлігіне, сондай-ақ он жыл бойы атқарған жұмысы үшін Үміт Болатханқызына алғыс айтамын.
Сондай-ақ, мен бас бапкер ретінде қызметімді жалғастырамын, өйткені менің жаңа тағайындауым - қоғамдық лауазым. Мен екеуін бірге алып жүре аламын. Бәрінікіндей менің де мақсатым біреу - спортты дамыту және елге нәтиже беру. Басында оңай болмайтынын түсінемін, бірақ менің тәжірибем, білімім мен күш-жігерім, сондай-ақ федерация мүшелерімен бірлесіп атқаратын жұмысымыз көптеген міндетті барынша шешеді. Біз бірге федерацияға кіретін әрбір спорт түрін дамыту және танымал ету үшін жұмыс істейміз", - деді Юсупова.
Оған дейін бұл қызметті Үміт Шаяхметова атқарған еді.
Әлия Юсупова 1984 жылы 15 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. Афинада (2004) және Бейжіңде (2008) жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. 2000-2009 жылдары Қазақстанның абсолют чемпионы болған. Азияның бірнеше дүркін чемпионы. 2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарының жеңімпазы және 2002 жылы Пусанда өткен Азия ойындарының вице-чемпионы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также