Алла Важенина Бейжің Олимпиадасының алтынын алуы мүмкін

© people.cn

Халы?аралы? Олимпиада комитеті 2008 жылы Бейжі?де ?ткен Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленген ?ытайлы? Цао Лэйды? н?тижесін ресми т?рме жойды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Халықаралық Олимпиада комитеті 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленген қытайлық Цао Лэйдың нәтижесін ресми түрме жойды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, былтыр тамыз айында зілтеміршінің допинг сынамасынан анаболикалық стероидтар табылды. Содан сынамаларға қайта жүргізілген тексерулерден соң, Цао Лэйдың допинг ережелерін бұзғаны ресми түрде хабарланды.

Сондай-ақ, қытайлық зілтеміршінің нәтижесі жойылғандықтан, 75 келі салмаққа дейінгі дәрежедегі жаңа Олимпиада чемпионы Бейжіңдегі ойындарда күміс медаль иеленген қазақстандық Алла Важенина болуы мүмкін екені айтылады. Алайда ХОК бұл туралы әлі ресми шешім шығарған жоқ.

Реклама
Реклама

33 жастағы Важенина - Ресей тумасы Бірақ ол Ресейдің құрамасына кіре алмағандықтан, Қазақстан атынан қатысып жүр. Ол 2008 жылы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында екінші орын алса, Азия чемпионатында күміс жүлдені иеленген.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама