Алтыншы рет өткізілген "Алматы Марафон" шарасы өз мәресіне жетті. 10, 21, 42 шақырымға жүгіргендер арасында бірінші болып келгендердің және "Экиден" эстафетасының (42 километра 195 метров) жеңімпаздары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
15-17 жас аралығында 10 шақырымға жүгіргендер арасында талдықорғандық Данияр Арманғали бірінші болып (00:32:08) келді. Қыздар арасында алтын медальді алматылық Райана Зейналлова жеңіп алды (00:37:59).
19 жастан жоғары жарыста ерлер арасында Максим Крят (00:31:05) бірінші болып келді. Қыздар арасында осы марафонға бірнеше мәрте қатысқан алматылық Надежда Мелькова (00:31:05) жеңіске жетті.
21 шақырым қашықтықта: ерлер - Алексей Гусаров (1:12:41), әйелдер - Жанна Мамаржанова (01:18:46).
Марафондық қашықтықта (42 шақырым 195 метр) ерлер арасында Ресейдің Барнаул қаласынан келген Николай Григоров (02:30:08) бірінші болып келді, екінші орында өскемендік Әмір Байтуқанов (02:33:07), ал елордалық Айдын Қасен қола медальді (02:35:50) иеленді.
Әйелдер арасында бірінші орынды Полина Репина (03:16:11), екінші Алена Уварова (03:23:07), үшінші орынды Мария Киреева (03:23:11) иеленді.
© Tengrinews.kz
Сонымен қатар, "Экиден" эстафетасы бойынша - 79 команда қатысты. Бірінші болып "Батыр" Президенттік полкі келді, екінші - "Вакцинология", үшінші - Adidas Runners.
Сондай-ақ осы марафонға Tengrinews.kz, Vesti.kz және Massaget.kz тілшілері қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл "Алматы Марафон" шарасына 20 мың адам қатысқан. Көбісі 10 шақырым қашықтыққа жүгірген.
© Tengrinews.kz