08 ақпан 2022 | 08:53

Алматы әуежайында жанкүйерлері Шавкат Рахмоновты қарсы алды

Дина Шарипханова Корреспондент
©Vesti.kz

8 ақпанға қараған түні қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов мінген ұшақ Алматы әуежайына қонды. Спортшыны UFC-дегі үшінші жеңісімен құттықтауға туыстары мен жанкүйерлері келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

8 ақпанға қараған түні қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов мінген ұшақ Алматы әуежайына қонды. Спортшыны UFC-дегі үшінші жеңісімен құттықтауға туыстары мен жанкүйерлері келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Әужайда Рахмоновты жанкүйерлері қошеметпен қарсы алған. 

Реклама
Реклама

6 ақпанда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC Vegas 47 турнирінің негізгі кардында өнер көрсеткен отандасымыз әуежайдан шыға салысымен журналистер сауалына жауа берген.

"Қолдауларыңызға көп рахмет! Мені күтіп алуға келген барша жанкүйерге алғыс айтамын. Өз еліме аман-есен жеткеніме қуаныштымын. Әсіресе DAR Team командасына ерекше алғыс. Сонымен қатар, бапкерлер мен барша қазақстандыққа алғыс айтамын. Қарсыласыма келер болсам, тыңғылықты дайындалдым. Дайындық кезінде оның мықты екенін ескердім. Алдағы уақытта тағы да екі жекпе-жек өткізіп, ең үздік он спортшы қатарынан кіргім келеді. Әзірге демаламын", - деді Рахмонов.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов АҚШ жеріндегі айқасында гайаналық 34 жастағы Карлстон Харристі бірінші раундтың соңына қарай техникалық нокаутпен жеңген еді.

Ол UFC-дегі үш жекпе-жегінде де жеңіске жеткен. Сондай-ақ, файтер кәсіби ММА мансабында барлық 15 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная