05 маусым 2024 | 15:19

Алматыда бірнеше көшеде көлік қозғалысы жартылай жабылады

Фото:depositphotos.com

Алматыда велоспорттан Азия чемпионатына байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы жартылай жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда велоспорттан Азия чемпионатына байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы жартылай жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматыда алғаш рет 5-12 маусым аралығында тасжол велоспорттан Азия чемпионаты өтеді. Осыған байланысты жолдың кейбір аумағында қозғалыс уақытша өзгереді. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жолдың бір жағы жабылып, екінші жағында кері қозғалыс ұйымдастырылады", - делінген хабарламада.

Спортшылар "Алматы Арена" кешенінде жарысты бастап, "Мәдениет" шағын ауданынан кері қайтып, спорт кешеніне оралып сайысты аяқтайды.

Реклама
Реклама

6, 7, 8 маусымда сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Бауыржан Момышұлы көшесінің батыс жағымен солтүстік бағытта "Алматы Арена" кешенінен Сайын көшесіне дейінгі аумақта жол жабылады. Жолдың шығыс жағында кері қозғалыс ұйымдастырылатыны айтылды.

9, 10, 11, 12 маусымда Бауыржан Момышұлы көшесінің батыс жағында "Алматы Арена" кешенінен Алматы индустриялық аймаққа дейін көлік қозғалысы шектеледі. Сондай-ақ, жолдың шығыс жағында кері қозғалыс ұйымдастырылады.

Жолдарды жабу кестесі:

  • 9 маусым 09:00-ден 18:00-ге дейін;
  • 10 маусым 07:00-ден 11:00-ге дейін; 12:00-ден 16:30-ға дейін;
  • 11 маусым 07:00-ден 13:00-ге дейін;
  • 12 маусым сағат 9:00-ден 14:30-ға дейін.

"Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздыққа түсінікпен қарауды және маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная