ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қазан 2016 | 13:36
Алматыда шорт-тректен Қазақстан Республикасы Кубогінің екінші кезеңі өтеді
21-қазанда Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында шорт-тректен Қазақстан Республикасы Кубогінің екінші кезеңі өз шымылдығын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 2017 жылғы қысқы Универсиаданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
21-қазанда Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында шорт-тректен Қазақстан Республикасы Кубогінің екінші кезеңі өз шымылдығын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 2017 жылғы қысқы Универсиаданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кубоктің екінші кезеңі 23-қазанға дейін жалғасады және бұл жарыс 2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада қарсаңындағы тестілеу сайысы болып есептеледі.
Шорт-трек спорты - негiзiнен конькимен жүгiру жарысының бiр түрi. Алайда шорт-трек спортында конькишiлер ұзақтыққа емес, қысқа қашықтықта әрi жылдамдыққа жарысады. Шорт-трек -Универсиада-2017 жарыстарының негізгі бағдарламасына кіретін спорт түрі. Шорт-трек Қазақстанда енді дамып келе жатқан спорт түрі болуына қарамастан, қазіргі кезде отандық коньки тебушілердің деңгейі екі-үш сатыға жоғары көтерілді. Сондай-ақ, ел басшылығы және ҚР конькишілер Федерациясы шорт-тректің дамуына ат салысып, барынша назар аударуда. Бұл тұғырда жасалған жұмыс өз жемісін де беруде - отандық шорт-трек шеберлері 2014 жылы Ресейдің Сочи қаласында өткен Олимпиададағы эстафеталық жарыста финалға шыққан болатын. Ал юниорлар арасындағы әлем біріншілігінде қазақстандық жас конькиші Денис Никиша қола жүлдеге ие болды.
Шорт-тректен ҚР Кубогін өткізудің басты мақсаты - бұл спорт түрін көпшілікке дәріптеу, тарату және аймақтық балаларға арналған спорт мектептерінде дамыту. Шорт-тректен ҚР Кубогінің екінші кезеңі - бұл отандық конькишілер ортасындағы маңызды оқиға. Жас және келешегі бар жеңімпаз конкишілер 2017 жылы өтетін Универсиадада өз бақтарын сынап көруге мүмкіндік алады. Кубоктің екінші кезеңінде Қазақстанның сегіз аймағынан келген 8 топ жарысқа түседі. Олар - Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстары, Оңтүстік Қазақстан облысы, Астана және Алматы қалалары.
Сондай-ақ, шорт-тректен ҚР Кубогінің Екінші кезеңі, 2017 жылы Алматы қаласында өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада қарсаңындағы тестілеу сайысы. Кубоктің екінші кезеңі Универсиада Дирекциясының барлық қызметтері мен бағыттарын сынақтан өткізіп тексеруге мүмкіндік. Шорт-трек жарысында төмендегі қызметер тестілеуден өтеді: аккредитация қызметі, қауыпсіздік қызметі, тасу қызметі, мәдени-көпшілік секторы, қарсы алу және шығарып салу қызметі, тамақтандыру және орналастыру қызметі. Еріктілер секторын сынақтан өткізу үшін, шорт-трек жарысына 70 ерікті қатысады.
"Сочиде өткен Олимпиададан кейін, еліміздің ерлер командасы Нидерланды елінің коньки спорты Федерациясымен бірлесіп жұмыс атқаруға, бірге дайындалуға келісімге келді. Қазір екінші маусым өтті, біздің жігіттер голландиялық әріптестерімен бірге дайындалып жаттығуда. Бірлескен жұмыстың нәтижелері де бар - біздің топ сенімділігін арттырды. Өткен маусымда, жекпе-жек сайыста, біздің эстафеталық команда, Олимпиада чемпиондары, Ресей құрамасынан екі рет басым түсті. Сондай-ақ, біздің команда Қытай құрамасын таза жеңді және Кореялық конькишілерден де басым түсті. Соңғы екі маусымда қазақстандық конькишілерінің деңгейінің жоғарылуына байланысты, шетелдік коньки шеберлері бізбен санасуға мәжбүр. Голландияда жаттығудағы басты шеберлеріміз және жас дарындарымыз Алматыдағы Универсиадада алтын медальдарға басты үміткерлер. Тестілеу сайысын Балуан Шолақ спорт сарайында өткізу өте орынды, Универсиада бағдарламасындағы шорт-трек жарыстары да осы жерде өтеді. Сондықтан, тестілеу біздің спортшыларымызға да, барлық қызметтерге де көмек", - деді шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері Мадиғали Қарсыбеков.
Показать комментарии
Читайте также