Алматыға жарысқа келген корей балуандарынан коронавирус анықталды

Алматыға жарысқа келген корей балуандарынан коронавирус анықталды Иллюстрациялық сурет: © РИА Новости

Осы айдың басында күрес түрлерінен Алматыда өткен Азия чемпионатына қатысқан Оңтүстік Корея делегациясының жеті мүшесінен COVID-19 анықталды. Insidethegames.biz сайтының мәліметінше, бұл тізімде алты балуан мен жаттықтырушы бар, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бес балуан мен жаттықтырушы Оңтүстік Кореяға оралды, ал алтыншы спортшы Қазақстанда қалды, себебі ол келесі аптада Болгариядағы жарысқа қатыспақ. Ол жақта 6-9 мамыр аралығында жаһандық іріктеу турнирі өтеді.

Вирус жұқтырғандардың ешқайсында симптом қатты білінбеді. Оңтүстік Кореяға қайтқандар оқшаулау бөліміне жатқызылды", - делінген хабарламада.

Оңтүстік Корея Алматыда өткен Азия чемпионатында 12 медаль еншілеген еді. 

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама