Алматының Орталық стадионының 30 мың адамға арналған жаңа нұсқасы көрсетілді

Алматының Орталық стадионының 30 мың адамға арналған жаңа нұсқасы көрсетілді © Instagram.com

Алматыдағы Орталық стадион жаңартылады, енді ол 30 мың орындық болады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Жыл басынан бері стадионда жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын - жаңа алаң төселіп, кейбір ғимараттар өзгертілді. Осыған байланысты "Қайрат" Қазақстан премьер лигасының төрт турында қонақ ретінде ойнады. Енді стадион 30 мың орынға дейін кеңейтілгелі жатыр. Сонымен қатар, стадионның сыртқы көрінісі заманауи болып өзгертіледі.


© "Қайрат" клубының баспасөз қызметі

Реклама
Реклама

Айта кетейік, жоба әзірше мақұлданған жоқ. Сонымен қатар, жобаның қашан жүзеге асырылатыны белгісіз.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама