Әлішер Ерғали Токио Олимпиадасының ширек финалында жеңілді

Фото: Жеңіс Ысқабай / Olympic.kz

Қазақстандық балуан Әлішер Ерғали Токио Олимпиадасының ширек финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық балуан Әлішер Ерғали Токио Олимпиадасының ширек финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта Ерғали түркиялық Сүлейман Караденизбен белдескен. Қазақстандық балуан қарсыласына 7:8 есебімен жол берді. 

Бұған дейін 1/8 финалда Ерғалидің қарсыласы Мохаммед Фардж бозкілемге шықпай, қазақстандық балуан жекпе-жексіз жеңген болатын. 

Реклама
Реклама

Әлішер Ерғали Жамбыл облысында туған, 22 жаста. Азия чемпионатында екі мәрте қола медаль алған, ал биыл құрлықтық жарыста күміс жүлде еншілеген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама