"Алтын" да, "күміс" те жоқ: Қазақстан Токио Олимпиадасын 8 медальмен аяқтады

"Алтын" да, "күміс" те жоқ: Қазақстан Токио Олимпиадасын 8 медальмен аяқтады Фото olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан 2020 жылғы Токиодағы Олимпиада ойындарын ресми түрде аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан 2020 жылғы Токиодағы Олимпиада ойындарын ресми түрде аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық құрама қоржынына соңғы медальді каратэші Софья Берульцева салды. 20 жастағы спортшы жартылай финалда Мысыр өкілі Ферьял Абделазизбен кездесіп, тартысты жекпе-жекте жеңіліп қалған болатын. Софья Берульцева Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Осылайша, Қазақстан қоржынына сегізінші медаль түсті - бәрі де қола. Қазір Қазақстан медальдар есебінде 81-орында тұр.  

Жарнама
Жарнама

Берульцоваға дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Кейін боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, балуан Нұрислам Санаев пен каратэші Дархан Асәділов те қола жүлде еншілеген.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама