02 тамыз 2014 14:55

Америкалық боксшы Кличкомен мейрамханада төбелеспек болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Кличко және Шэннон Бригс. аllboxing.ru Владимир Кличко және Шэннон Бригс. аllboxing.ru

42 жастағы америкалық боксшы Шеннон Бриггс (WBO нұсқасы бойынша ауыр салмақта экс-чемпион)  украиналық боксшы Владимир Кличкомен төбелеспек болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып. 


42 жастағы америкалық боксшы Шеннон Бриггс (WBO нұсқасы бойынша ауыр салмақта экс-чемпион)  украиналық боксшы Владимир Кличкомен төбелеспек болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып. 

Бұл оқиға АҚШ мейрамханаларының бірінде болған. Қазір Владимир Кличко АҚШ-та өзінің  IBF титулына үміткер Кубрат Пулевпен болатын кездесуіне дайындық үстінде. Айта кетейік, бұл жұдырықтасу 6 қыркүйекте Германияда өтеді. 

Естеріңізге сала кетейік, Шеннон Бриггс Владимир Кличкомен осыдан бірнеше күн бұрын жаттығу кезінде де ерегесіп қалған болатын. Флоридада болгарлық Кубрат Пулевпен жұдырықтасуға дайындалып жатқан кезінде Владимр Кличкоға америкалық боксшы балағат сөздер айтып, онымен бокстасуға келісім беруін сұраған. Осыдан кейін ол рингке шығып Кличконың ашуына тимек болды. Алайда бокшылар бірін-бірі балағаттаудан ары асқан жоқ, өйткені олардың ассистенттері мен команда құрамындағы спортшылар боксшылардың төбелесуіне жол бермеді.  Америкалық боксшы сәуір айынан бері Кличконы жұдырықтасуға шақырып әлек. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети