ПОДЕЛИТЬСЯ
03 шілде 2019 | 21:40
Андрей Аршавин ажырасты
Андрей Аршавин ажырасты, - деп хабарлайды РИА Новости. Санкт-Петербург аудандық соты қазақстандық "Қайрат" футбол клубының экс-футболшысы Андрей Аршавин мен жары Алиса Казьминаның (Аршавина) некесін бұзды. Мұндай мәліметтерді адвокат Виктория Савицкая мәлімдеді.

"Олар ажырасты. Шешім заңды және негізделген", - деді Аршавиннің адвокаты Савицкая. Оның айтуынша, сот баланы анасымен қалдыруға шешім шығарған. Адвокаттың мәліметтері бойынша, Андрей Аршавин ажырасу шарттары бойынша 300 мың рубльге жуық алиментке беріп отырады.
Үш баласы бар Аршавин 2016 жылы қыркүйекте журналист Алиса Казьминға үйлерген еді. 2017 жылы ақпанда олардың қызы дүниеге келді.
Айта кетейік, Аршавин спорттық мансабын аяқтағанға дейін ол "Қайрат" сапында өнер көрсетті. Ол алматылық клубта 2016 жылдың наурыз айынан бастап 2018 жылдың қараша айына дейін ойнады. Барлық турнирлерде алматылық клубта 108 матч өткізіп, 30 гол соғып, 37 ассист жасады. "Қайрат" құрамында Ресей құрамасының экс-капитаны үш рет чемпионаттың күміс жүлдегері атанды, Кубок пен Қазақстан Суперкубогын ұтып алды. Ол 2018 жылы қарашада спорттық мансабын аяқтады.
Показать комментарии
Читайте также