19 желтоқсан 2021 | 09:16

Ангелина Лукас кәсіпқой мансабындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас кәсіпқой мансабындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас кәсіпқой мансабындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Лукас Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде украиналық Светлана Василевскаямен жұдырықтасты. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа толық созылды. Төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен Ангелина Лукас жеңімпаз атанды.

Реклама
Реклама

Жекпе-жектен кейін Ангелина Лукас өзінің кәсіби дебюті туралы пікір білдірді.

"Жекпе-жек алдында қобалжу болды. Себебі, кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегім. Рингке жақындаған сайын өзімді сенімді сезіндім, өйткені мен рингті жақсы көремін. Бұл жекпе-жек маған қатты ұнады", - деді Лукас.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram