Анна Нұрмұхамбетова Лондон Олимпиадасының қола жүлдесін алатын болды

?аза?станды? ауыратлет Анна Н?рм?хамбетова 2012 жылы Лондонда ?ткен Олимпиаданы? ?ола медалін алады. Б?л туралы Vesti.kz сайты хабарлады.

Қазақстандық ауыратлет Анна Нұрмұхамбетова 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиаданың қола медалін алады. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.

69 келіге дейінгі салмақта додаға қатысқан қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 5-орын алған болатын. Бүгін бұл салмақта қола және 4-орын алған белорус ауыратлеттері Марина Шкерманкова мен Дина Сазоновецтің допинг қолданғаны үшін нәтижелері жойылатыны белгілі болды. Нәтижесінде отандасымыз қола жүлдегер атанатын болады.

Айта кетейік, осыған дейін жеңілатлет Ольга Рыпакова 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдесін алған болатын.

Реклама
Реклама

Осыған дейін Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло және Майя Манеза Олимпиада медальдарын кері қайтаратын болған еді. Сондай-ақ, кеше балуан Теймураз Тигиевтің допинг қолдануына байланысты Бейжің Олимпиадасындағы күміс жүлдесінен айырған еді.

Алдағы уақытта ХОК қазақстандық ауыр атлеттер Илья Ильин, Алмас Өтешов, Владимир Седов, Мария Грабовецкая мен Ирина Некрасоваға қатысты шешімін шығаратын болады.

Дереккөз: Massaget.kz

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама