Ақтөбеде Риодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Фархад Харкиге пәтер берілді

© "Ақтөбе ақпарат"

А?т?бе облысыны? ?кімі Бердібек Сапарбаев Рио-де-Жанейрода?ы Олимпиада ойындарыны? ?атысушыларымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "А?т?бе а?парат" орталы?ына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының қатысушыларымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақтөбе ақпарат" орталығына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Сапарбаев Риодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Фархад Харкиге бір бөлмелі пәтерге сертификат табыстады. Ал балуан Нұрислам Санаевқа облыс әкімі теледидар сыйлады.

"Біз спортшыларымыздың Олимпиада ойындарында көрсеткен жеңістерімен мақтанамыз. 205 ел қатыстан жарыста Қазақстан 22-орынды иеленді. Мемлекет басшысының саясатының арқасында спортқа деген қызығушылық танытқан қазақстандықтардың саны артып жатыр. Сендердің жеңістеріңіз өңірдегі дене шынықтыру мен спорттың дамуына себеп болатынына сенемін", - деді облыс әкімі спортшыларға зор денсаулық пен жетістіктер тілей отырып.

Реклама
Реклама

Еске салайық, ауыратлет Фархад Харки Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған болатын. Харки жұлқа көтеруде бесінші орында болды. Бірінші мүмкіндігінде ол 135 келіні еңсерсе, лидерлерді қуып жету үшін таңдаған 140 келі штанганы екі мәрте көтере алмай қалды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама