15 желтоқсан 2021 | 09:30

Арман Әшімов қарсыласын бір соққымен нокаутқа түсірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото © NFC

Қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) спортшысы Арман Әшімов жалаң жұдырықпен өткізген алғашқы жекпе-жегін сәтті аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) спортшысы Арман Әшімов жалаң жұдырықпен өткізген алғашқы жекпе-жегін сәтті аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрынғы M-1 чемпионы Киев қаласындағы Mahatch FC турнирінде жалаң жұдырықпен өтетін жекпе-жекке алғаш рет қатысты. Қарсыласы бокстан Украина чемпионы, әлем чемпионатына және Еуропа ойындарына қатысқан Тимур Беляк болды.

Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Әшімов бір соққымен қарсыласын нокаутқа жіберді.

Реклама
Реклама

Әшімов ережесіз жекпе-жектегі соңғы айқасын 3 қазанда Naiza Fighting Championship 34 турнирінде өткізіп, әзірбайжан спортшысы Серхан Валилиді нокаутқа түсірген болатын.

Еске салайық, бұған дейін Арман Әшімов Bizben Podcast жобасының қонағы болған еді. Ол жүргізушілермен әңгіме барысында отбасындағы қарым-қатынас, тоқал алу мәселесі, хейтерлер мен UFC келісімшарты туралы және Mahatch FC турниріне жақсы гонорар төлесе ғана қатысатынын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная