28 қыркүйек 2019 | 08:57

Арман Оспанов Алексей Полпудниковтан жеңілді

Қазақстандық файтер Арман Оспанов Алексей Полпудниковпен үшінші кездесуде мерзімінен бұрын жеңіліс тапты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық файтер Арман Оспанов Алексей Полпудниковпен үшінші кездесуде мерзімінен бұрын жеңіліс тапты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың жекпе-жегі 27 қыркүйекте Мәскеу қаласындағы "ВТБ Аренасында" Absolute Championship Akhmat 99 турнирі аясында өтті. Екінші раундта Полпудников қазақстандық спортшыны есеңгіретіп, кездесудің нүктесін қоюға асықты. Осы кезде рефери Херб Дин жекпе-жекті тоқтатты. 

Реклама
Реклама

ММА-да тоғыз рет жеңіске жеткен 29 жастағы Оспанов осымен үшінші рет жеңілді, ал оның 27 жастағы қарсыласы 28-ші жеңісіне қол жеткізіп, екі рет жеңіліп, бір рет тең түскен. 

Оспанов пен Полпудников бірінші рет 2013 жылы тамызда октагонда кездесіп, қазақстандық файтер бірінші раундта нокаутпен жеңген еді. 2017 жылы желтоқсанда реванш өтті - онда даулы шешіммен ресейлік жеңіске жеткен еді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная