Арман Оспанов Мәскеудегі жекпе-жегінің қарсаңында салмақ өлшеу рәсіміне шықпай қалды
Қазақстандық файтер Арман Оспанов кеше, 22 желтоқсанда кешке ресейлік промоушен Absolute Championship Berkut 77 турнирінің алдында, Мәскеуде өткен салмақ өлшеу және көз арбасу рәсіміне келген жоқ, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы.

Оспановтың (8-1) рәсімге неліктен шықпағаны әзірше белгісіз. Алайда, ринг-анонсер оның көрсеткішін 66,6 келі деп хабарлады.
Қазақстандық файтердің қарсыласы ресейлік Алексей Полпудников (24-4-1) болады, оның салмағы - 66,2 келі.
Бұл турнирге тағы бір қазақстандық файтер қатысады, ол - Асылжан Бақытжанұлы (6-0). Бақытжанұлы өз қарсыласынан жеңіл болып шықты. Қазақстандық спортшының салмағы - 91,1 келі, ал ресейлік Муслим Махмудов (9-4) - 93,3 келі.