ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қаңтар 2020 | 16:54
Арман Оспанов Расул Мирзаевпен жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевпен кездесу өткізеді. Бұл туралы Absolute Championship Akhmat (ACA) промоушені ресми түрде жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевпен кездесу өткізеді. Бұл туралы Absolute Championship Akhmat (ACA) промоушені ресми түрде жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек 6 наурызда Алматыда ACA 105 турнирі аясында өтеді. Негізі Оспанов пен Мирзаев 2018 жылы 10 қарашада Мәскеуде кездесуі керек болған, алайда қазақстандық файтер жарақатына байланысты октагонға шыға алмады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ACA MMA (@aca_mma) 6 Янв 2020 в 12:55 PST
Sherdog статистикасы бойынша, 30 жастағы Оспанов тоғыз кездесуде жеңіске жетіп, үш рет жеңілген, ал 33 жастағы Мирзаев 18 жекпе-жекті жеңімпаз атанған, оның ішінде қазақстандық Ержанов Естановқа ММА ережесі бойынша екі рет қарсы шығып, екеуінде жеңген.
Соңғы жекпе-жекте Оспанов қыркүйекте ресейлік Алексей Полпудниковқа жол берді. Олар үшінші рет кездесті - трилогия 2:1 есебімен Полпудниковтың пайдасына шешілді.
Показать комментарии
Читайте также