Арман Оспанов Расул Мирзаевпен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевпен кездесу өткізеді. Бұл туралы Absolute Championship Akhmat (ACA) промоушені ресми түрде жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевпен кездесу өткізеді. Бұл туралы Absolute Championship Akhmat (ACA) промоушені ресми түрде жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек 6 наурызда Алматыда ACA 105 турнирі аясында өтеді. Негізі Оспанов пен Мирзаев 2018 жылы 10 қарашада Мәскеуде кездесуі керек болған, алайда қазақстандық файтер жарақатына байланысты октагонға шыға алмады.

Реклама
Реклама


Sherdog статистикасы бойынша, 30 жастағы Оспанов тоғыз кездесуде жеңіске жетіп, үш рет жеңілген, ал 33 жастағы Мирзаев 18 жекпе-жекті жеңімпаз атанған, оның ішінде қазақстандық Ержанов Естановқа ММА ережесі бойынша екі рет қарсы шығып, екеуінде жеңген. 

Соңғы жекпе-жекте Оспанов қыркүйекте ресейлік Алексей Полпудниковқа жол берді. Олар үшінші рет кездесті - трилогия 2:1 есебімен Полпудниковтың пайдасына шешілді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама