05 қазан 2019 | 16:00

Арман Шораев қазақ күресі федерациясы президенті қызметінен кетті

Биыл 5 қазанда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР қазақ күресі федерациясының жылдық есеп беру конференциясы аясында баспасөз мәслихаты болып өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі федерация баспасөз қызметіне сілтее жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Биыл 5 қазанда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР қазақ күресі федерациясының жылдық есеп беру конференциясы аясында баспасөз мәслихаты болып өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі федерация баспасөз қызметіне сілтее жасап. 

Конференцияға ҚР қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев , Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы" Қуанышбек Есекеев және жергілікті қазақ күресі федерация басшылары, қазақ күресіне еңбегі сіңген ардагерлер қатысты.

Реклама
Реклама

ҚР қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев 2013 - 2019 жылдар аралығындағы федерацияның жұмысы мен жалпы дамуы жайлы айтып өтті. Баяндамасы барысында ұлттық күрестің дамуындағы бірқатар ерекшеліктер, өзгерістер, әлемдік спорттағы қазақ күресінің орыны жайлы ойымен бөлісті.

Арман Төлегенұлы Федерацияны басқарған жылдарда "Қазақстан Барысы" жобасын ұлттық идеяға айналдырды. Қазақ күресінің балуандарын еліміздегі ең табысты спортшылар қатарына қосты.

Сондай-ақ, "Әлем Барысы", "Еуразия Барысы", "Жас Барыс", "Халық Барысы" жобалары арқылы қазақ күресі спортшыларының әлеуметтік лифтін қалыптастырды. Федерацияны "Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының" құрамына қосты.

Оның ішінде, тарихи қадамдардың бірі - қазақ күресін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізді. Халықаралық "Qazaq kuresi" федерациясының құрылуына негіз болды.

Федерацияның тізгінін ұстаған 6 жылда қазақ күресін ұлттық брендке айналдырды.

Өз сөзінің соңында Арман Шораев Федерацияның президенті болған жылдарда ұлттық күресті дамытуға бар білімі мен білігін жұмсағанын айта келе, алдағы уақытта тізгінді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Абаев Дәурен Әскербекұлына ұсынатынын хабарлады.

Аталған ұсынысқа сәйкес федерация мүшелері бірауыздан ұсынысты қолдап, Дәурен Абаевқа ұлттық күресті сеніп тапсыратындарын білдірді.

Сөз алған Дәурен Әскербекұлы ұлттық құндылықтарымыздың бастауында тұрған қазақ күресінің дамуы үшін аянбай еңбек ететінін, артылған сенімді ақтайтынын айтты.  

Сонымен қатар, федерацияның вице-президенті лауазымына Қуанышбек Есекеев тағайындалды.

Конференция қатысушылары, шараның қорытындысы бойынша 2019 жылы атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, жаңа басшылыққа сәттілік тіледі.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная