Асаубаева тарихи чемпионаттан кейінгі әсерін айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon 445
comments icon 0
Фото:instagram.com/fide_chess Фото:instagram.com/fide_chess

17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алғаннан кейінгі әсерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алғаннан кейінгі әсерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнир соңғы сәтте Қазақстаннан Варшаваға (Польша) ауыстырылды. Асаубаева бұл маңызды емес екенін айтты. Шахматшының айтуынша, ол өз карьерасындағы ең көп гонорар алған.

"Шексіз бақыттымын, көңіл күйім керемет, аздап қалыпқа келу керек. Егер ондыққа кірсем, жақсы болар еді деп ойладым. Өйткені өзімді блицте соншалықты күшті деп санамаймын. Келесі міндетім - классикалық шахматта әйелдер арасында әлем чемпионы атану. Бұл турнир сәтті болды деп ойлаймын. Мені анам, әкем және жаттықтырушым Сергей Долматов қолдады", - деді Асаубаева.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол гонорарын қайда жұмсайтынын айтты. "Білмеймін", - деді шахматшы.

Бұған дейін 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атанғаны хабарланды. Бұл - ересектер арасындағы шахматтағы Қазақстанның алғашқы алтыны.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Жансая Қадыржанова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная