"Астана" баскетбол клубының бас бапкері қызметінен босатылды

© pbcastana.kz

"Астана" баскетбол клубыны? ?азіргі маусымда?ы т?мен к?рсеткіштеріне байланысты команданы? бас бапкері Костас Флеваракис ?ызметінен босатылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Астана" баскетбол клубыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

"Астана" баскетбол клубының қазіргі маусымдағы төмен көрсеткіштеріне байланысты команданың бас бапкері Костас Флеваракис қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Астана" баскетбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Астана" баскетбол клубының бас бапкері міндетін атқарушы болып Михаил Карпенко тағайындалды.

Михаил Владимирович Карпенко - ресейлік маман, 20 жылдық тәжірибесі бар бапкер. Өз мансабын Карпенко 1997 жылы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бастап, онда 10 жыл жұмыс істеген. Қызметінде М.Карпенко Саратовтың "Автодор" кәсіпқой клубын басқарған, Ростов-на-Донудың "Атаман" баскетбол клубында жұмыс істеген. Соңғы үш маусымда маман ақтаулық "Каспий" клубында болып, онда қазақстандық баскетболмен, ойыншылармен және ұлттық лига ерекшеліктерімен танысқан. Қазіргі спорт маусымында Михаил Карпенко "Астана" баскетбол клубы бас бапкерінің ассистенті қызметінде болған.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, қазіргі уақытта маман баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлік штабын басқарады. Карпенконың жетекшілігімен ұлттық құрама осы маусымда Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы барлық матчын жеңіліссіз өткізді.

Команданы және ойыншыларды жақсы білуіне, клубтың негізгі міндеттері мен мақсаттарын түсінуіне байланысты, сондай-ақ, Қазақстан ұлттық құрамасының жақсы көрсеткіштеріне байланысты Михаил Карпенко "Астана" бас бапкері міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама