ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қазан 2020 | 15:38
"Астана" президенттік клубы таратылды
"Астана" президенттік кәсіпқой спорт клубы таратылды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында оның бас директоры Асқар Баталов мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Астана" президенттік кәсіпқой спорт клубы таратылды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында оның бас директоры Асқар Баталов мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ "Астана" президенттік спорт клубын тарату туралы шешім қабылдады. Барлық құқық пен міндет Samruk-Kazyna Trust-ке ауысады. Енді ол спорт клубтарының негізін қалаушы болады. Бұл шешім көп деңгейлі есептілікті, сондай-ақ, әкімшілік және басқарушылық құрамға кететін қосымша шығындарды алып тастау мақсатында қабылданды", - деді Баталов.
Ол кәсіпқой спортты толығымен қаржыландырудан бас тарту туралы әңгіме қозғалмағанын атап өтті.
"Астана" ПКСК құрамына "Астана" ФК, "Барыс" ХК, "Астана" БК және "Астана" велокомандасы кірді. Баталовтың айтуынша, барлық клуб өз жұмысын жалғастырады.
"Олар тікелей "Самұрық-Қазына" қорынан қаржыландырылады. 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары 2020 жылдың соңына дейін жасалады. Мен Samruk-Kazyna Trust бас директорының орынбасары ретінде спорттық бағытты қадағалай беремін. Қаржыландыру мөлшері қанша болатынын уақыт көрсетеді", - деді Баталов.
"Астана" ПКСК 2012 жылдың желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен және "Самұрық-Қазына" қорының қаржылық қолдауымен құрылған. Оның міндеті елдің спорт әлеміндегі беделін көтеру және спорттық жобаларды басқару болған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также