ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қаңтар 2022 | 09:17
Астанада 2022 жылы жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтпейді
Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы елордада өтетін Азия чемпионаты шегерілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы елордада өтетін Азия чемпионаты шегерілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
"Елімізде эпидемиологиялық жағдай нашарлауына және омикрон штамын жұқтырғандар саны артқанына байланысты ҚР жеңіл атлетика федерациясы Азия жеңіл атлетика қауымдастығының қолдауымен жеңіл атлетикадан Азия чемпионатын 2023 жылы өткізу туралы шешім қабылдады. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз және келесі жылы чемпионатта сіздерді асыға күтеміз", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Азия чемпионаты елордада биыл ақпанда өткізілуі тиіс болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также