Актөбелік 15 жастағы спортшы Астанада қазақша күрес бойынша халықаралық турнирде ауыр жарақат алып, қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайғылы жағдай 7 қыркүйекте Ақмола облысының Ерейментау қаласында жасөспірімдер (2010–2011 жылы туған) арасындағы халықаралық турнир кезінде болған. Белдесу барысында ақтөбелік спортшы қарсыласының әдісінен кейін құлап, ауыр бас жарақатын алған.
Мектеп оқушысы шұғыл түрде Астанадағы ауруханаға жеткізілген, онда дәрігерлер бір апта бойы оның өмірі үшін күресті. Алайда 15 қыркүйекте жасөспірім көз жұмды.
"Ақтөбе қаласының 2010 жылы туған тумасы, турнир қатысушысы белдесу кезінде қарсыласының әдісінен кейін басымен құлап, ауыр жарақат алып, қайтыс болды. Жас спортшының денесі жаттықтырушысы мен туыстарына беріліп, Ақтөбеге жеткізілді", — делінген Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми мәлімдемесінде.
18 қыркүйекте Ақтөбеде жасөспірімді жерлеу рәсімі өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!