Астанада веложарыс кезінде ер адам қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото cycling.kz

Астанада өтіп жатқан Tour of Uly Dala веложарысы кезінде ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада өтіп жатқан Tour of Uly Dala веложарысы кезінде ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Kazakhstan Cycling Federation мәліметінше, Астанада өтіп жатқан Tour of Uly Dala кезінде веложарысқа қатысушылардың бірі трассадан шығып кетіп, қаза болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 1983 жылы туған ер адамның жүрегі шыдамаған. Жарыс бойынша кезекші жедел жәрдем бригадасы шұғыл көмек көрсеткенімен, өкінішке қарай, ер адамды құтқару мүмкін болмады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Веложарыс ұйымдастырушылары марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Жарысты аяқтау туралы шешім қабылданған. 16 шілде - жексенбіге жоспарланған кезең де тоқтатылады.

Tour of Uly Dala велоспортының әуесқойлары мен ардагерлері арасындағы тасжол жарысы екі кезеңде – 15 және 16 шілдеде өтуі тиіс болаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама