ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қазан 2018 | 08:35
Астаналық қыз әлемдегі ең тартымды спортшылардың бірі деп танылды
Джиу-джитсудан спорт шебері астаналық Гүлжан Накипова әлемдегі ең тартымды спортшылардың бірі деп танылады, - деп жазады Экспресс-К тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Джиу-джитсудан спорт шебері астаналық Гүлжан Накипова әлемдегі ең тартымды спортшылардың бірі деп танылады, - деп жазады Экспресс-К тілшісі.
Ол үнемі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында өз жаттығуларынан пайдалы видеолар жариялап отырады. 26 жастағы спортшының бес жоғары білімі бар және вокалдық қабілеті де жақсы екен. Сонымен қатар, оның студенттерді шетелдік жоғары оқу орындарына қабылдауға көмектесетін агенттігі бар.
Гүлжан - Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және ұлттық құраманың мүшесі. Былтыр ол әлемдік джиу-джитсу фестивалінде жеңіске жеткен, сонымен қатар әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған.
Күйеуі Олжас Идрисов та спортшы. Ерлі-зайыптылар джиу-джитсудан Астанадағы чемпионатта жеңіске жеткен. Спортшының айтуынша, осы жекпе-жек түріне күйеуінің арқасында қызыққан. Сондай-ақ ол спорт үшін Қазақстанға оралғанын мәлімдеді, себебі бұрындары Барселонада тұрған.
Гүлжанның айтуынша, әлемдік джиу-джитсу чемпионатынан оралғаннан кейін астаналық мейрамханалардың бірінде Олжас оған ұсыныс жасаған. Таңғалғаннан тіпті қолынан шанышқысын түсіріп алған екен.
© instagram/g_nakipova
Показать комментарии
Читайте также