Асылхан Асан фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Айнұр Қапышова Корреспондент
Асылхан Асан фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілі Асылхан Асан Айролода (Швейцария) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengri Sport Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спортшы жекелей сайыста үздік нәтиже көрсетті.

Финалда Асан төрешілер шешімімен 103.35 ұпай жинады. Осылайша алтыннан алқа тақты.

Реклама
Реклама

Қазақстандық тағы бір спортшы Дінмұхаммед Райымқұлов 92.82 ұпаймен екінші орын алды. Ал үшінші орынды Беларусь өкілі Владислав Вазнюк (92.00) иеленді.

Еске салайық, Асан мен Райымқұлов Италияда өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетті. Сонымен қатар, Асан 2026 жылғы Олимпиадаға қатысқан қазақстандық спортшылар арасында ең жасы болды — сол кезде ол 16 жаста еді.

Италиядағы ойындарда Асан 18-орын, ал Райымқұлов 19-орын алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама