ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 10 шілде 2024 16:10
Аты аңызға айналған бапкер қайтыс болды
Күрестен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың бапкері Ром Ильматов 93 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аты аңызға айналған маманның қазасы туралы Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы хабарлады.
Ильматов 1936 жылы Бородулиха ауданындағы Ауыл станциясында дүниеге келген, 14 жасынан бастап грек-рим күресімен айналысқан. 1957 жылдан бастап Педагогикалық университетте сабақ беріп, жаттықтырушылық қызметпен айналысуды бастаған.
Ильматовтың ең танымал шәкірті - грек-рим күресінен 1980 жылғы Олимпиада чемпионы және 1981 жылғы әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу