ПОДЕЛИТЬСЯ
11 маусым 2020 | 09:28
Ауыр атлетика Олимпиада бағдарламасынан шығып қалуы мүмкін
Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах ауыр атлетиканың Олимпиада ойындары бағдарламасынан алынуы мүмкін екенін айтты. Комитет басшысының сөзінше, оны Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) баяндамасы таңғалдырған, - деп хабарлайды РИА Новости.

IWF атқарушы комитеті сәуірде федерацияны 2000 жылдан бері басқарған Тамаш Аянның отставкасын мақұлдаған болатын. Аянға қатысты сыбайлас жемқорлық және допингке қарсы ережелердің бұзулы жағдайларын жасырды деген айып тағылған.
"Ауыр атлетика туралы, Тамаш Аян туралы баяндама мені қатты таңғалдырды. Біз IWF-ті тазартудың жолдарын табуымыз керек. Оларға бұл жағдайда көмектескіміз келеді. Біздің қатаң шаралар қабылдауға құқығымыз бар. Жаза ауыр атлетиканы Олимпиада бағдарламасынан алып тастауға дейін барады", - деді Бах.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также